Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы циркінің әртістері халықаралық фестивальде жүлделі орын иеленді

Қазақ мемлекеттік цирк әртістері "Без границ" екінші халықаралық цирк өнері фестивалінде қола жүлдеге иеленді. Фестиваль Санкт-Петербургте 14-17 қыркүйек аралығында өтті.

Әділет Тикановтың жетекшілігімен Hassak тобы “Акробаты на двойной мачте” нөмірін орындап, жоғары деңгейде кәсіби дайындығын көрсетті.

Қойылымда діңгектен діңгекке секіру, күшті сынайтын трюктер және тепе-теңдік сияқты күрделі трюктар болды. Топ 7 адамнан тұрады, олар Томирис қойылымында ерекше өнер көрсетті.

Бұған дейін Hassak командасы Астанадағы Эхо Азия халықаралық фестивалінде алтын, ал Almaty circus festival-да күміс медаль жеңіп алды. 

Түрлі жанр бойынша фестивальге барлығы 16 елден 200 әртіс қатысты.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.