Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы ботаникалық бағында магнолия гүлдеді

Біздің коллекциямызда бұл өсімдіктің 15 таксоны бар. Магнолия – динозаврлармен жасты, көне өсімдік. Ол аралардан бұрын пайда болған, сондықтан магнолиялардың кейбір түрлері қоңыздар арқылы тозаңданады. Бұл – үлкен ақ, қызғылт, күлгін немесе сарғыш гүлдері, ірі сәндік жапырақтары, сондай-ақ жемістері бар ағаш немесе бұта. Магнолия гүлдері аздаған цитрус ноталары бар, өте жағымды кремді-тәтті хош иіске ие немесе иіссіз болуы мүмкін. Оны көбінесе парфюмерлер гүл композицияларын жасау үшін пайдаланады. Біздің ботаникалық бақтағы магнолияны аққулар тоғанының жанындағы орталық аллеядан көруге болады, - делінген бақтың әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Дереккөз: Kazinform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.