Алматы аялдамаларында алғашқы электронды табло жыл соңына дейін орнатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Таблода қоғамдық көлік қозғалысының кестесі көрсетіледі.
«Алғашқы табло Тимирязев көшесі бойындағы BRT желісінде жыл соңына дейін пайда болады. Бұл істі Көлік холдингі өз мойнына алып отыр. Мегаполис әкімінің тапсырмасына орай біз бұл істі бюджеттен тыс қаржы есебінен орындаймыз және қаланың ірі тораптық аялдамаларын цифрлы таблолармен қамтамасыз етеміз», - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов.
Сондай-ақ жыл аяғына дейін әр аялдамаға қоғамдық көлік бағытының нөмірі, жұмыс уақыты көрсетілген ақпарат ілінеді.