Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы аялдамаларында автобустар қозғалысының минуттық кестесі пайда болуы мүмкін

Алматыда жақын арада қоғамдық көлік жұмысы қалай жақсаратыны туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері айтып берді.

Алматыда автобустар мен троллейбустар қозғалысының тұрақтылығы әлі де қала тұрғындарының наразылығын тудыруда. Әлеуметтік желілерде адамдар күткен автобус келмейді немесе жүргізуші электрондық төлем терминалын кешке ажыратып, жолаушыларды қолма-қол ақша төлеуге мәжбүрлейді деген сияқты жүргізушілерге қатысты шағымдарын жарыса жазып жатады. 

Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл жағдайды қадағалауда және әрбір нақты оқиғаны қарастырудан өзге жүйелі шараларды енгізіп жатыр. Мысалы, бағыттағы шамамен алғандағы қозғалыс интервалымен қарапайым ақпарат емес, аялдамаларда қоғамдық көлік қозғалысының минуттық кестесін орналастыру.

«Басқарма аялдамаларда қоғамдық көлік қозғалысының минуттық кестесін баспа түрінде орналастыруды қарастырып жатыр. Қазір BRT желісінің кейбір учаскелерінде ақпараттық табло орнатылған, олардың көмегімен қала тұрғындары автобус бағыттарының нөмірі және олардың аялдамаға келу уақыты туралы ақпарат алады. Жоба бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ қоғамдық көлік қозғалысын «Оңай» және «CityBus» мобильдік қосымшасы арқылы да бақылауға болады», - деді басқарма басшысының орынбасары Ерлан Әділов.

Кешке автобус немесе троллейбустың қосымшаларда көрініп, бірақ іс жүзінде ол бағыттық көрсеткіші қосылған немесе сөндірілген күйінде жолаушыларды алмай паркке бара жататын жағдайлар жиі кездеседі.

«Жүргізуші автобус сынған немесе жұмыс күні аяқталған жағдайда салонда жарықты өшіреді. Екі жағдайда да ол бәрібір қосымшаларда көрсетіледі. Аялдамаларда минуттық кестені орналастыру жолаушыға автобусты күту немесе күтпеу қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді», - деп қосты «Алматыэлектротранс» өкілдері.

Автобустар бәйгесін жүргізушілердің жұмысын ерекше тарифтеу есебінен жою жоспарланып отыр.

«Басқарма мен «Алматы қаласының жолаушылар тасымалдау кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ тасымалдаушылар алдында автобус жүргізушілерінің жалақысын сағаттық тарифтеуге байланысты есептеудің бірыңғай әдістемесін қолдану туралы міндет қойып отыр», - деді Әділов.

Тасымалдаушыларды қандай да бір қалалық бағытқа қызмет көрсету мүмкіндігінен айырудың ең жиі кездесетін себептері - автобустардың бағытқа шығу жиілігінің төмендігі, қозғалыс кестесінің жүйелі бұзылуы, автобустарды жаңарту жоспарларының болмауы.

Бұған дейін белгілі болғандай, биыл «Алматыэлектротранс» ЖШС газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алады. Сонымен қатар, қаланың троллейбус желісі жаңартылады.

«2018 жылы «Троллейбус желісін жаңғырту мен дамыту және жаңа бағыттар ашудың» техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Алдағы уақытта троллейбус желілерін қайта жаңарту бойынша ЖСҚ әзірлеу мәселесі қаралады, осы жұмыстың аясында қосымша бағыттар ашу және тартымдық трансформаторлық қосалқы станцияларды жаңғырту қажеттілігі анықталады», - деді басқарма басшысының орынбасары.

Ақпарат көзі: Zakon.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.