Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы аудандарының әкімі көпбалалы аналармен кездесу өткізді

Кездесуге барлығы 110 көпбалалы отбасы келіп, аудан әкімдеріне 111 сұрақ жолданды

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес 2022 жылдың желтоқсан айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді.

Кездесуге барлығы 110 көпбалалы отбасы келіп, аудан әкімдеріне 111 сұрақ жолданды. Оның 60-ы бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 24 мәселе пысықталды, тағы 27-сі жұмыста.

Негізгі мәселелер:

- тұрғын үй алу (кезекке қою) - 28 (25%);

- білім (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Artsport бағдарламасы) - 16 (14%);

- денсаулық сақтау – 10 (9%);

- әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) - 16 (14%);

- ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 8 (7%);

- жұмысқа орналастыру және бизнеске арналған гранттар-6 (5%);

- есепке тіркеу (тіркеу) - 3 (2%);

- көлік-3 (2%);

- басқалары-21 (18%).

Қала әкімі 2023 жылғы қаңтарға аудан әкімдерінің қаланың көпбалалы аналарымен кездесуінің тиісті кестесін бекітті.

Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесу барысында көптеген өтінішке байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесуін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.