Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы аудан әкімдіктерінің өз бюджеті болады

Ерболат Досаев Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде аудан әкімдіктерінің билігі күшейетінін айтты.

Қала әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде аудан әкімдіктерінің билігі күшейетінін айтты.

"Біздің Наурызбай ауданында, бау-бақша серіктестігімізде көше атаулары жоқ, екіншіден, жол жоқ. Тар көшелер мен асфальттың жоқтығынан қоқыс таситын көліктер айнала алмайтындықтан, қоқыс шығарылмайды. Оның үстіне бізде су да, жарық та жоқ. Наурызбай ауданы әкімдігі мәселелерді жедел шешетінін білемін, бірақ бұл мәселелер кешені қалалық әкімдік арқылы шешіледі деп ойлаймын. Мәселелерімізді шешіп беріңізші", - деді аудан тұрғыны.

"Келер жылдан бастап аудан әкімдіктері толыққанды бюджет алады. Күзде өзгерістер болады деп сенеміз. Президент мәселелерді тез шешуге мүмкіндік беретін аудандардың өз бюджеті болуы керек деген пікірді қолдады. Республикалық маңызы бар қалалар мен астанада аудан әкімдіктерінің жеке бюджеті жоқ екен. Ал электрмен жабдықтау және қоқыс шығару бойынша нұсқаулар беремін", - деп жауап берді қала әкімі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.