Жақында Almaty Arena және Halyk Arena көпфункционалды кешендерінде жаппай сырғанаудың жаңа маусымы ашылды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары әр сенбі, жексенбі күндері сағат 11:00-ден 23:00-ге дейін келіп, коньки тебе алады. Биыл 4 емес, 5 сеанстан болады.
Ақпараттық-спорттық ХАБ-тың хабарлауынша, барлық конькилер жаңадан алынған және өлшемі әртүрлі, 25-тен басталады. Қорғаныс жиынтығы да жалға беріледі. Жаппай сырғанауға кіру билетін онлайн сатып алуға мүмкіндік бар. Тек билет сататын операторлардың сайттарына кірсеңіз болғаны.
Екі сағаттық сеансқа арналған билет құны – 300 теңгеден басталады. Конькиді жалға беру бағасы әрқалай, сеанстың уақытына және сырғанау құнына байланысты.