Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алмалы және Жетісу аудандарының бірқатар тұрғын алаңдары суық судан уақытша ажыратылады

20 шілде күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Алмалы ауданындағы Мақатаев - Чайковский - Райымбек – Наурызбай батыр көшелерінің контурында; Жетісу ауданындағы Райымбек - Желтоқсан көшелерінің, темір жолдардар, Коммунальная көшелері шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

Аталған секторлардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату, сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындаумен байланысты.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Анықтама телефоны: +7 727 274 66 66.

 

Дереккөз: Алматы су" МКК

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.