Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алмалы ауданында жаңа мектеп салынады

Ауданның екі мектебіне қосымша құрылыстар салу жобасы әзірленуде.

Қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мәселелері туралы айтты.

Оның айтуынша, оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін ауданда мектептерге қосымша ғимарат салу және жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, өткен жылы 2 мектептің (№34 және 144 гимназиялар) 850 орындық 2 қосымша ғимараты пайдалануға беріліп, Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық жеке мектеп (Прометеус) ашылды.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесі қиылысындағы учаскеде 1,5 мың орындық жаңа мектептің құрылысын бастап, 2024 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ ауданның екі мектебіне әрқайсысы 300 орындық қосымша құрылыстар салу жобасы әзірленуде. Шілде айында № 15 гимназияны сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу аяқталады және тамыз айына дейін № 136 мектеп-гимназияны күрделі жөндеу, сейсмикалық күшейтуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.