Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алмалы ауданында балаларды оңалту орталығы ашылады

Алмалы ауданында Абай – Масанчидегі бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратын тарихи келбетін сақтай отырып қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.

Жұмыстардың аяқталуы 2024 жылдың IV тоқсанында күтілуде, содан кейін заманауи "Қалалық балаларды оңалту орталығы" ашылады.

Сондай-ақ, әкімдік 2023 жылдың соңына дейін тағы екі жоба әзірлейді: ескі ғимаратты бұза отырып, ревматологиялық орталықтың орнында Әйтеке би көшесінде 500 келушіге арналған жаңа емхана салу және Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығын салу жобасы. Екі нысанның құрылысын 2024 жылдың көктемінде бастау жоспарлануда.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.