Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алмалы ауданы мектептеріндегі орын тапшылығы қалай шешіліп жатыр

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді.

Алмалы ауданындағы орта білім беру саласында оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім беру объектілерін жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс қалай жүргізіліп жатыр? Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді.

«Биылғы жылдың басында 2 мектептің (№34 және 144 гимназиялар) 850 орындық 2 қосымша құрылысы пайдалануға берілді. Енді 10 қарашада Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық «Prometheus school» жеке меншік мектебі ашылады. № 15 гимназияны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 2023 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі.

Келесі жылдың III-ші тоқсанының басында №136 және 58 мектептің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізіп, сейсмикалық күшейту үшін жобалау-сметалық құжаттама  әзірленетін болады», – деді Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.