Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алатау ауданында жаңа автобус бағыттары ашылды

Желтоқсан айына дейін 50 аялдама салынады.

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр.

Кездесу барысында қала әкімі 6 маршруттық желінің мәселесі шешілгенін атап өтті. Енді жаңа №35 және №24 бағыт ашылды. Сонымен қатар №129 және №132 маршруттар ұзартылып, №103 және №69 бағыттағы автобустар жаңартылды.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда 20 аялдаманың құрылысы басталды. Ал желтоқсан айына дейін 50 аялдама салынады. 

2022 жылдың соңына дейін автобус аялдамаларының жетіспеушілігі толығымен шешіледі.  

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.