Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алатау ауданында перзентхана мен көпсалалы аурухана қашан салынады

Бүгінгі күні Зерделі шағынауданында жер учаскесі белгіленді

Бүгін қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр.

Кездесу барысында медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін осы жылдың ақпан айында Саялы және Қарасу шағынауданында әрқайсысы күніне 200 адамды қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулатория құрылысын бастау жоспарланғанын мәлімдеді. Аяқтау мерзімі – 2023 жылдағы желтоқсан.

"2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  Алатау ауданында 50 төсек-орындық перзентханасы бар, 350 төсек-орындық бірінші көпсалалы аурухана салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Бүгінгі күні Зерделі шағынауданында жер учаскесі белгіленді. Оның құрылысын 2024 жылы бастаймыз", – деді Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.