Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алатау ауданында футбол алаңы мен воркаут аймағы салынды

Қазіргі таңда барлық жоба аяқталды.

Алатау ауданының Мәдениет шағын ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасымен және ағымдағы жөндеу аясында салынған балалар және спорт алаңының құрылысы аяқталды. Алаң бұрын бос жатқан жерде салынған.

Бұл жобаның ауданы 3000 шаршы метр. Сонымен қатар, жоба аясында мұнда футбол алаңы, Мәдениет тұрғын үй кешені мен Сайын көшесінің арасындағы ұзындығы 220 қума метрлік тротуар салынып, алаңдар, жарық тіректері, орындықтар мен урналар орнатылды.

Бұған қоса, жергілікті тұрғындардың бастамасымен қосымша балалар ойын кешендері, орындықтар мен урналар қосылды.

2023 жылы Алатау ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының 2 кезеңі аясында тұрғындардан барлығы 99 жоба келіп түсті, оның ішінде тұрғындардың дауыс беруіне қарай 17 жоба іске асырылды.

Ауданда былтыр «Халық қатысатын бюджет» аясында 54 жоба жүзеге асқан. Қазіргі таңда барлық жоба аяқталды.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.