Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

5 маусымда жауған жаңбырға қатысты абаттандыру қызметінің атқарған жұмыстары бойынша ақпарат

Алматы қаласында 5 маусымы күні сағат 09:07 де үзілістермен жаңбыр жауды. Су басып қалу қаупінің алдын алу және оны болдырмау мақсатында мердігерлік ұйымдардың кезекшіліктері ұйымдастырылды. Суды кедергісіз өткізу және сорып алу үшін құрамында 348 адам, 172 арнайы техника бірлігі және мотопомп бар мобильді топ жұмылдырылды.

Қаланың су басып қалу қаупі бар учаскелерінде мердігерлік ұйымдар кезекшілік етті. Құм салынған 2710 қап әзірленді. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша су басып қалу оқиғасы байқалмаған. «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін күн бұлтты және жауын жаууы ықтимал. Ауа температурасы 17-21 градус. Түнде жауын жаумайды деп күтілуде.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.