Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

4 мың нысан тексерілді, 400 адамға айыппұл салынды – Алматыда карантин талаптарын сақтау бойынша мониторингтік топтар қалай жұмыс істейді

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қадағалау жөніндегі мобильді топтардың жұмысы туралы айтты.

«Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қадағалайтын мобилді топтармен жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. 5 шілдеден бері біз 4 мыңға жуық нысанды тексердік. Негізгі жұмыс түсіндіру, ескерту жасау форматында өтті», - деп түсіндірді Ж.Бекшин.

Тексерулер барысында 800-ден астам нысанда маска режимінің, 1000 нысанда санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталды. Мәселен, бірқатар дәмханалар маска режимі мен эпидемияға қарсы шараларды өрескел бұзған: Manana, Bodrum, «Райский сад», «Достлук», «Шафран», «Льдинка».

«386 нысан ескертуден кейін жұмыстарын өз еріктерімен тоқтатты. Кәсіпкерлер түсіністік танытып, анықталған ескертулер жойылғанға дейін нысандарды өз еріктерімен жабуда. Тек бір жағдай бойынша ғана экономикалық сотқа жүгінуге тура келді», - деп толықтырды ол.

Барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзуға қатысты 432 хаттама толтырылған. Сонымен бірге, 408 тұлғаға маска режимін өрескел бұзушылықтары үшін әкімшілік айыппұл салынды.

Алматы қаласының санитар дәрігерінің атап өткендей, қоғамдық көліктерге де көңіл бөлінуде. Қалааралық тасымлдауда ережелерді бұзғаны үшін 6 автобус жүргізушісіне әкімшілік айыппұл тағылған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.