Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

25 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Кіреберістер мен аулалар бойынша: 

23 мамырға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1348 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.
Дезинфекция жұмыстарына 436 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 70 980 литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша дезинфекциялаудың 17 кезеңі аяқталды.

25 мамыр 15 кезең басталды. Жоспар бойынша 2860 үйдің 7877 кіреберісі мен 1318 аула залалсыздандырылды.
Жұмысқа құрамында 47 адам бар 64 бригада тартылды.

Көшелер мен троутарларды жуу және дезинфекциялау бойынша: 


24 мамырда 3670 мың шаршы метр көше және 417 мың шаршы метр тротуар, 138 контейнерлік алаң және 624 контейнер өңделді. Оған 85 дезинфектор тартылды.

Көшелерді жуу және дезинфекциялау үшін:
– 143 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 72 бірлік);
– 1198 жол жұмысшысы (оның ішінде 135 дезинфектор);
460 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 21 164 мың литр ерітінді қолданылған).

Сонымен 1039 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1070 тоннаны құрады.
25 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:
– 158 бірлік арнайы техника (оның ішінде 77 бірлік дезинфекцияға);
– 1209 жол жұмысшысы (оның ішінде 135 дезинфектор).
Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.