Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

23 сәуірде жартылай марафон өткізілетін уақытта сағ. 00:00-ден 12:00-ге дейін жартылай марафон қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Алматы жартылай марафонының Ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні, 2023 жылғы 23 сәуірде жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.

Жартылай марафон сөресі таңғы сағ. 7:30-да Тұңғыш Президент саябағында беріледі. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 23 сәуір күнгі сағ. 00:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағ. 7:00-ден 8:10-ға дейін жабық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:15-тен 09:40-қа дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:40-тан 09:00-ге дейін толық жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 8:40-тан 11:10-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:50-ден 09:30-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 08:30-дан 10:10-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

 

Дереккөз: Almaty-marathon.kz

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.