iAzamat мобильді қосымшасы – алматылықтар арасында ашық дауыс беру мен сауалнама жүргізуге арналған қалалық онлайн алаң. Жобаның басты міндеті – Алматы тұрғындарын жергілікті атқарушы органдардың шешім қабылдау процесіне тарту.
iAzamat қосымшасын пайдаланушылар қаладағы оқиғалардан хабардар болып, жергілікті құрылымдардың өзекті күн тәртібі бойынша (қоғамдық көлік, жол жөндеу, ТКШ, абаттандыру, жарықтандыру және т.б.) талқылаулар мен дауыс беруге қатысады әрі ол үшін жағымды бонустар алады.
1-22 ақпан аралығында iAzamat мобильді қосымшасын жетілдіруге қатысты талқылау өтеді. Кез келген тұрғын оны ыңғайлы әрі пайдалы етуге үлес қоса алады. Ол үшін қосымшаны смартфонға жүктеп, тіркеуден өту керек.
Функционалды кеңейту, навигацияны жақсарту, дизайнын өзгерту, ынталандыру дүкенінің ассортиментін толықтыру және т.б. – осы бағыттардың барлығы бойынша азаматтардың ұсынысы мен шешімі маңызды. Оның ішіндегі ең қызықты әрі пайдалысы іске асырылады.
iAzamat-та тіркеліңіз, «Талқылау» бөліміне өтіп, өз идеяңызды ұсыныңыз!