21-24 ақпан аралығында Медеу биік таулы мұз айдынында жеке командалық біріншілікте конькимен жүгіруден ҚР Кубогы өтеді. Осыған байланысты Медеу мұз айданында жаппай сырғанау 18-24 ақпан аралығында тоқтатылатындығы екскертіледі.
Старт медальдары үшін республикалық маңызы бар 2 қаланың және елдің 7 өңірінің өкілдері таласады. 21-22 ақпанда Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық кезеңі, ал 23-24 ақпанда командалық старт өтеді.
Жарыс күндерінде Медеу кешеніне жанкүйерлер үшін кіру тегін.
Күні: 21-24 ақпан
Салтанатты ашылу уақыты: 21 ақпан, 16:00
Орны: Медеу мұз айдыны
Анықтама: Қазақстанда конькимен жүгіру спорты Қостанай, Абай, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе облыстарында, ШҚО, СҚО, Астана мен Алматыда кеңінен таратылуда. Бүгінгі таңда елімізде республикалық деңгейдегі толыққанды жарыстар өткізілетін спорт объектілері тек Астана , Алматы, Қостанай сияқты қалаларда ғана бар. Халықаралық деңгейдегі 2 спорт объектісі: Астанадағы "Алау "жабық мұз айдыны және "Медеу" мұз айдыны бар.
Дереккөз: Алматы қаласы спорт басқармасы