Алматыда абаттандыру аясында 2023 жылы 3 кемпинг-аймақты (Ақ Бұлақ, ҮАӨ және Мыңжылқы) орнату жұмыстары аяқталды.Оларға шатырлы орындар, жабық үйшіктер, орындықтары бар үстелдер, ұлттық стильдегі әткеншектер – «алтыбақан» кіреді. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасынан «Орталық Азия елдерінде туризмді дамыту» тақырыбындағы баспасөз конференциясы аясында хабарлады.
«Кіші, Үлкен Алматы, Проходное, Бутаковка шатқалдары бойынша жұмыстар аяқталып, Қарғалы шатқалы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Маршрут бойы навигациялық көрсеткіштер, стендтер, қалқандар, бағаналар, түрлі - түсті индекстік белгілер, беседкалар (жылтыратылғандарды қоса алғанда), орындықтар, демалуға арналған платформалар, Көпірлер мен қоршаулар орнатылды», - деп атап өтті туризм басқармасы.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі