Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржыландыру нарығында алаяқтық тәуекелдерін төмендету мақсатында лицензиялау енгізіледі

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді.

«Азаматтарды микроқаржы нарығындағы алаяқтықтан қорғау және оның тәуекелін азайту мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап лицензиялау енгізіледі. МҚҰ (микроқаржы ұйымдарын) лицензиялау капитал мен өтімділік бойынша пруденциялық стандарттардың толық тізбесін, басшы қызметкерлер мен акционерлердің іскерлік беделіне қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуді, сондай-ақ аудит пен есеп беруге қойылатын талаптарды көздейді», — деп түсіндірді Нұрлан Абдрахманов.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 наурызынан 31 тамызына дейін Агенттік 1348 банктік емес ұйымды тексерді. 144-ке қатысты 166 млн тг айыппұл салынды және 122 жазбаша ұйғарым шығарылды, деп толықтырды ол.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.