26 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 277 адам короновирус инфекциясынан (13 358 КВИ+ және 6 919 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 452 пациент стационарда, 15 825 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 254 адамның жағдайы ауыр;
• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 24 ақпандағы мәлімет бойынша 51 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 212 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 49 172, өлім жағдайлары - 620, барлығы 41 633 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК