23 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 780 адам короновирус инфекциясынан (13 369 КВИ+ және 7 411 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 16 097 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 245 адамның жағдайы ауыр;
• 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 48 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 21 ақпандағы мәлімет бойынша 8 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 202 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 48 991, өлім жағдайлары - 613, барлығы 40 967 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК