11 ақпандағы мәлімет бойынша, 25 272 адам короновирус инфекциясынан (15 660 КВИ+ және 9 612 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 318 пациент стационарда, 19 954 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 260 адамның жағдайы ауыр;
• 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 9 ақпандағы мәлімет бойынша 52 жағдай тіркеліп, 4 жағдай өліммен аяқталған. 239 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 48 440, өлім жағдайлары - 591, барлығы 38 237 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК