Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметі бойынша 2020 жылдың 4 мамыр күніне жоспарланған 2837 үйдегі 7922 подъезд және 1311 аула аумағы 100%-ға өңделді. Дезинфекциялау жұмыстарына 64 бригада немесе 467 адам қатысып, барлығы 74 070 литр дайын ерітінді пайдаланылды.
Ал ағымдағы жылдың 5 мамыр күніне жоспарланған жоспар бойынша 2984 үйдің 8264 кіреберісіне дезинфекциялау және 1426 аула аумағын өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Оған құрамында 465 адам бар 64 бригада тартылды.
Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша
4 мамыр күні қалада 4 905 мың шаршы метр көше және 609 мың шаршы метр тротуарлар, 212 контейнерлік алаң және 1021 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа 85 дезинфектор тартылды.
Көшелер мен тротуарларды, көше жәшіктерін, орындықтарды, аялдамаларды, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуу, дезинфекциялау үшін:
– 142 бірлік арнайы техника (оның ішінде – 72 бірлік дезинфекция үшін);
– 905 жол жұмысшысы (оның ішінде 125 дезинфектор).
540 мың литр ерітінді жұмсалды (жұмыстың басынан бастап барлығы – 12 028 мың литр қолданылды).
Сондай-ақ 118 контейнерлік алаңды дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. Оған барлығы 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылған.
Тәулігіне шығарылған қоқыс көлемі 1280 тоннаны құрады.
5 мамырға жоспарланған жұмыстар бойынша:
– 161 бірлік арнайы техника (оның ішінде 82 бірлік дезинфекцияға);
– 903 жол жұмысшысы (оның ішінде 123 дезинфектор).
Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, сонымен қатар 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі