Кездесу барысында қала әкімі өткен жылды қорытындылайды, сұрақтарға жауап береді, сонымен қатар мегаполисті әлеуметтік-экономикалық жағынан одан әрі дамытудың жоспарлары туралы айтады.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін есепті кездесу өтетін күні арнайы Call-орталық ұйымдастырылады. Бұдан өзге, кездесу almaty.gov.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында тікелей эфирде көрсетіледі.
Өтетін күні мен уақыты: 20 ақпан, сағат 10:00.
Өтетін орны: Алматы, Достық даңғылы, 56 (Республика Сарайы)
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі