Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

20 ақпан Алматыда жолдар жабылады

Осы жексенбі, 20 ақпанда Алматыда қысқы марафон өтеді. Соған байланысты қала жолдарының кей бөлігі түскі уақытқа дейін жабылады.

Демалыс күні Алматыда мына көшелерде қозғалыс уақытша тоқтайды:

  • Әл-Фараби даңғылы солтүстік жағынан Назарбаев даңғылынан бастап, Желтоқсан көшесіне дейін сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін жабық болады.
  • Әл-Фараби даңғылында Меңдіқұлова көшесінен бастап 05:00-13:00 аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады.
  • Әл-Фараби даңғылы солтүстік жағынан Желтоқсан көшесінен бастап, Esentai Mall сауда үйіне дейін 07:40-тан 11:00-ге дейін жабық болады.
  • Әл-Фараби даңғылы солтүстік жағынан Esentai Mall сауда үйінен бастап, Гагарин көшесіне дейін 08:30-10:45 аралығында жабылады.
  • Әл-Фараби даңғылы оңтүстік (жоғары) жағынан көлік қозғалысы үшін ашық болады.

 

Дереккөз: Zakon.kz

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.