19 ақпан күні Алматы қаласында ересектер арасында Каратэ Шинкиокушинкайдан Қазақстан Республикасының ашық салмақтағы кубогы өтеді.
18 жасқа толған кез келген салмақтағы каратэшілер бақтарын сынау үшін еліміздің барлық өңірінен жиналғалы отыр. ҚР Кубогы – 2023 жылдың күзінде Жапонияда өтетін ересектер арасындағы абсолютті әлем чемпионатына іріктеу ойыны. Турнир қорытындысы бойынша ең мықты төрт спортшы Токиоға аттанады. Токиодағы чемпионат каратэ шинкиокушинкайдан төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі шара болып Олимпиада ойындарына теңеледі.
Өтетін орны: Саду Арена, Әл-Фараби даңғылы, 128/7
Салтанатты ашылу уақыты: 10:00.
Бағдарлама:
09.00 – қатысушыларды тіркеу SADU HOTEL, Әл-Фараби, 128/7,
9.30 – судьялардың семинары,
10.00 – турнирдің ашылу салтанаты,
10.30 – алдын ала жекпе-жектердің басталуы,
15.00 – жартылай финалдық, финалдық жекпе-жек,
16:30 - марапаттау рәсімі.
Дереккөз: Алматы қаласы спорт басқармасы