Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

1,5 мыңнан астам медицина қызметкері Алматының мобилдендірілген кадрлық резервіне енді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров хабарлады.

Бүгінде коронавируспен күресте алдыңғы шепте 4464 қызметкер еңбек етуде.

Соған қарамастан, спикердің айтуынша, терапевт, пульманолог, анестезиолог, реаниматолог және инфекционистер сынды мамандарға қосымша сұраныс бар.

«Біздің тарапымыздан 1526 қызметкерден кадрлық резерв құрылды, олардың арасында дәрігерлер, орташа және кіші персонал бар», - деп мәлімдеді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. -  «Алайда қосымша жатын орындарды ашу арқылы біз қолда бар кадрлық резервті мобилдендіруіміз керек екенін түсінуіміз керек. Мен әріптестеріме, сонымен бірге жекеменшік секторларға қарата айтқым келетіні, стационарларда жұмыс істеу үшін біз медицина қызметкерлерін жұмысқа алуды жалғастырамыз. Жұмыс талаптары мен төлемдері жайлы кеңестерді +7 (702) 633-01-68 телефоны арқылы ала аласыз».

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін  онлайн-курстар үнемі өткізіліп тұрады. Барлық медициналық қызметкерлерге инфекцияның  алдын алу және тыныс алу жолында аурулары бар науқастарды басқаруға арналған тренингтер отандық және шетелдік университеттер базасында ұйымдастырылады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.