Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

10 мың текше метр қар шығарылды: Ерболат Досаев Алматыдағы қар күреуге қатысты пікір білдірді

Магистральдық көшелер мен аялдамалар тазартылды.

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаевқа тротуарлар мен жолдарды қардан тазарту сапасы жайлы сұрақ қойылды.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:

- Көлік кептелісі, көлік легінің тығыздығына қарамастан бірер күн бұрын жауған 27 см қарды күреуде сапалы жұмыс істеп жатырмыз. Магистральдық көшелер мен аялдамалар тазартылды. Тротуарлардың қарын жинауды аяқтап келеміз. Мен қаланы үнемі аралаймын, әсіресе қар жауғаннан кейін көшедегі қар шығару жұмыстарын тексеріп шығамын. Кеше таңертеңгі сағат 8-де қар тоқтаған кезде, қарбалас уақыт басталғанға дейін бәрін жинап үлгере алмадық (артық трафик жасамас үшін қарбалас уақытта қар күрейтін техникалар магистральдарда жұмыс істемейді - ред.). Жұмысшылар қар жинауға шықты, жұмыс тоқтамады. Бір түннің өзінде қаладан 10 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік 16 қаңтар күні сағат 22:30-дан 17 қаңтар күні таңғы сағат 09:00-ге дейін Алматыда қар жауды. Түнде жауған қарды 30 қар тиегіш, 11 автогрейдер және 83 өзі түсіргішпен шығарылды. Қазір жол шетіндегі жиектастардың қарын шығару жұмыстары күшейтілді. Қар жауа бастағаннан бері 3177 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды. 430-дан астам жинау машиналары тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, әлеуметтік маңызы бар нысандардың кіреберісін тазалайды. Аялдамалар мен жер үсті өткелдеріндегі қарды шығаруға 1 110 жұмысшы жұмылдырылған.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

18 қантар 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.