Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

1 сәуірден бастап «Алматы-Ұзынағаш» электричкасы екі реттен жиі жүретін болады

«Алтын Орда»  базары маңындағы  авотомобиль жолдарын қайта жасау жұмыстарының басталуына және жолдың осы бөлігінде көлік кептелісінің көп белең алуына, сонымен қатар жолаушы легінің  артуына орай «Алматы-Ұзынағаш» теміржол бағытындағы қозғалыстарды күніне 2-ден 4 рейске дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды. 

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімдігі 2017 жылы «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Ұзынағаш» теміржол бағыттарын ашқан еді. Аталған бағыттарды субсидиялау нәтижесінде  жол ақысы 80 теңге болды әрі бұл шара жолаушыларды  көлікпен заңсыз тасымалдаумен айналысатындардың жолын кесті.Бұлардан өзге,  бағыт  вагондарына «Оңай» терминалдары орнатылған, бұл жолаушыларға кассаға бармай-ақ жолақысын төлеуге  мүмкіндік береді.

Алайда, «Алматы-Қапшағай» автомобиль трассасының пайдалануға берілуіне орай «Алматы-Қапшағай»  теміржол бағытында жолаушылар  легі төмендеген.  Сондықтан Алматы  әкімдігі істің экономикалық маңызын ескере келіп аталған бағыттағы теміржол қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.