Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Балаларға берілетін жәрдемақыны қалай алуға болады?

Статистикаға сәйкес Қазақстанда тек соңғы 10 жылдың ішінде туылған балалардың саны 42,5% өсті. Мемлекет туу көрсеткіштерінің өсуіне барынша қолайлы жағдай жасап отыр. Әйелдің жұмыс істеуі немесе істемеуіне қарамастан бала туылған жағдайда мемлекет  әлеуметтік көмек, сондай-ақ, басқа да жәрдемақылар мен төламақыларға кепілдік береді.

1

Балаға 18 жасқа дейін берілетін ай сайынғы жәрдемақы

Егер сіздің отбасыңыздағы бір адамның орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан (2017 жылға 14 675 теңге) төмен болатын болса, онда сіз балаларға 18 жасқа дейін жәрдемақы тағайындатуға құқығыңыз бар. Аталған жәрдемақыны табысы аз адамдар, және оның ішінде толық емес отбасылар ала алады.

Бір адамға арналған орташа табысты есептеу үшін, ата-аналарының және кәмелеттік жасқа толған балалардың соңғы 3 айдағы табысын (жалақы, шәкіртақы, зейнетақы және т.б.) қосып   3-ке бөлу қажет (осылай айлық орташа табысты біле аламыз). Әрі қарай отбасының айлық орташа табысын отбасы мүшелерінің (қос ата-ана + кәмелеттік жасқа толған және толмаған балалар) санына бөлеміз.

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес тек ата-ана мен балалар ғана отбасы мүшелері ретінде танылады. Жәрдемақы тағайындалатын отбасының әжелері, аталары, ағалары, апалары мен басқа да туысқандары отбасы мүшелері болып табылмайды.

Жәрдемақының мөлшері: әр балаға 18 жасқа дейін 1 АЕК. 2017 жылы – 2269 теңге.

Қызметті қалай алуға болады?

  1. Тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның Алматы қаласындағы аудандық бөлімі (ХҚКО) арқылы.
  2. Тіркелген жері (мекенжайы) бойынша Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімінде.

Құжаттардың тізімі:

  1. белгіленген үлгідегі өтініш;
  2. баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе туудың актілік жазбасынан үзінді көшірме; 
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетелдіктер Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ықтияр хатын, «оралман» мәртебесі бар тұлға - оралманның куәлігін ұсынады);
  4. отбасының барлық мүшелері (тек ата-аналар мен олардың балалары) үшін мекенжай анықтамасы. Мекенжай анықтамасын алу туралы толығырақ мына жерден білуге болады; 
  5. отбасының құрамы туралы мәлімет (жеке басын куәландыратын құжаттардың және туу туралы куәліктердің көшірмелері негізінде сол жердегі мемлекеттік орган берген отбасының құрамы туралы анықтама бланкі толтырылады);
  6. отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәлімет (өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің табыстары туралы жұмыс орнынан алынған анықтама);
  7. некеге тұру (бұзу) туралы куәлік, қызмет алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректерден алшақ болған жағдайда; 
  8. балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеуді немесе баланы асырап алуды растайтын құжат (сіз асырап алғанда немесе балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда).

Қызмет көрсету мерзімі: 7 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: балаларға 18 жасына дейін жәрдемақы тағайындау туралы хабарландыру хатын алу, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап.

2

Мүмкіншілігі шектеулі балаға арналған ай сайынғы жәрдемақы

Мүгедектігі бар балаға арналған жәрдемақыны баланың ата-анасы немесе оның қамқоршылары не қорғаншылары алуына болады.

Жәрдемақының мөлшері: 1 МЖ (минималды жалақы). 2017 жылы – 24 459 теңге.

Қызметті қалай алуға болады?

Тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Алматы қаласындағы аудандық бөлімі (ХҚКО) арқылы.

Құжаттардың тізімі:

  1. белгіленген үлгідегі өтініш;
  2. қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Ресубликасында тұрақты негізде тұрып жатқан шетелдіктің ықтияр хаты - жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет), сондай-ақ,  оралмандар үшін – оралманның куәлігі;
  3. баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
  4. қызмет алушының және мүгедек баланың  тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар;
  5. баланың мүгедектігі туралы анықтама;
  6. банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат (банк шотының жиырма таңбалы нөмірінің үзінді көшірмесі);
  7. бала асырап алуды (қыз асырап алу) растайтын құжат (бала асырап алу) туралы куәлік).

Қызмет көрсету мерзімі: 7 жұмыс күні. Істің материалдарын қайта рәсімдеу қажет болған жағдайда мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: мүмкіншілігі шектеулі балаға жәрдемақы тағайындау туралы хабарландыру хатын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап алу.

3

Патронаттық тәрбиелеуге берілген балаға арналған ай сайынғы жәрдемақы

Егер сіз патронаттық негізде бір баланы немесе бірнеше балаларды тәрбиелеп отырсаңыз, онда сіздің балаға жәрдемақы алуға құқығыңыз бар.

Egov.kz порталы арқылы қызметті қалай алуға болады?

  1. ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторлану және сауал жіберу;
  3. сауалға келесі құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеу:
  • баланың білім беру ұйымдарында оқитыны туралы анықтаманы;
  • баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы келісім-шарт.

Алматы қаласы Білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі бөлімінде қызметті қалай алуға болады?

Құжаттардың тізімі:

  1. ақша қаражаттарын тағайындау туралы өтініш;
  2. баланың (балалардың) білім беру ұйымдарында оқитыны туралы анықтама;
  3. баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы келісім-шарттың көшірмесі;

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі:  патронаттық тәрбиелеушілерге баланы (балаларды) асырауға бөлінетін, ақша қаражаттарын тағайындау туралы шешім немесе бас тарту туралы негізделген жауап.

4

Жетім балаға арналған ай сайынғы жәрдемақы

Егер сіз жетім бала (жетім балалардың) мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршысы немесе қорғаншысы болып табылатын болсаңыз, онда  күтім және асырау жәрдемақысын алуға құқығыңыз бар.

Жәрдемақының мөлшері: 10 АЕК. 2017 жылы – 22690 теңге.

Egov.kz порталы арқылы қызметті қалай алуға болады?

  1. ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторлану және сауал жіберу;
  3. сауалға келесі құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеу:
  • Алматы қаласы Білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі бөлімінің қамқоршы немесе қорғаншы ретінде тағайындау туралы шешімі;
  • бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;
  • балаға ата-анасының біреуінің немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжат (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-аналарын ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарын хабарсыз кетті және әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан тартылып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш);
  • екінші деңгейлі банкте немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясын алған ұйымдарда қамқоршының немесе қорғаншының атынан дербес шот ашу туралы шарт;
  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемақыларды, алименттерді алатынын және баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстар туралы мәліметтерді растайтын баланың (балалардың) табысы туралы құжат.

Тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» БКАҚ-ның Алматы қаласындағы аудандық бөлімі (ХҚКО) арқылы қызметті қалай алуға болады?

Құжаттардың тізімі:

  1. қамқоршының немесе қорғаншының жәрдемақы тағайындау үшін белгіленген нысанда берген өтініші;
  2. қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжат;
  3. Алматы қаласы Білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің қамқоршы немесе қорғаншы ретінде тағайындау туралы шешімі;
  4. баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (бала (балалар) 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда);
  5. балаға ата-анасының біреуінің немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығы дерегін растайтын құжаттың көшірмесі (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-аналарын ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарын хабарсыз кетті және әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан тартылып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш);
  6. екінші деңгейлі банкте немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясын алған ұйымдарда қамқоршының немесе қорғаншының атынан дербес шот ашу   туралы шарттың көшірмесі.
  7. баланың (балалардың) табыстары туралы мәліметтер (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемақыларды, алименттерді алатынын растайтын құжаттар,  баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстар туралы мәліметтер).

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижелері: қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім бала (жетім балалар) мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларға) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім.

5

Баланы асырап алуға арналған бір жолғы жәрдемақы

Егер сіз Қазақстанда туылған баланы асырап алсаңыз, онда бір жолғы ақшалай төлемақы алуға құқығыңыз бар.

Жәрдемақының мөлшері: 75 АЕК. 2017 жылы – 170 175 теңге.

Egov.kz порталы арқылы қызметті қалай алуға болады?

Для этого необходимо:

  1. ЭЦҚ алу;
  2. ЭЦҚ-мен куәландырылған сауал жіберу;
  3. құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеу:
  • баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
  • асырап алушылардың бірінің атына екінші деңгейлі банкте немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясын алған ұйымдарда дербес шот ашу туралы шарт. 

Тіркелген жері бойынша Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімінде қалай алуға болады?

Құжаттардың тізімі:

  1. өтініш;
  2. соттың баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесі;
  3. сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. асырап алушылардың бірінің атына екінші деңгейлі банкте немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясын алған ұйымдарда дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі.

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жетім баланы (жетім балаларды) және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты бір жолғы ақшалай төлемақы тағайындау туралы шешім.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.