Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайтадан алу үшін АХАТ органдарына жүгінуге тура келетін жағдайлар өмірде жиі кездеседі. Алайда, азаматтық жазбалардың нұсқалары толық немесе ішінара жоғалуы себепті сақталмаса немесе азаматтық хал актісінің жазбасы шетелде жасалып, тиісті куәлікті немесе жазбаның үзінді көшірмесін алу мүмкін емес болса, не істеу керек?
Қажетті құжаттар
Бұл үшін тіркеу орны бойынша Алматы қ. АХАТ бөліміне жүгініп келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес акті жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш (одан әрі - өтініш);
- жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акті жазбасының жоқтығы туралы, жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу мұрағатының анықтамасы;
- қызмет алушы және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-інілері мен апа-сіңлілері) туралы мәліметтер егжей-тегжейлі жазылған өмірбаян;
- еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін дәлелдейтін басқа құжат, қызмет алушы студент болса – туған күні мен жері көрсетілетін оқу орнынан анықтама (бар болса);
- қызмет алушы әскери міндетті болса, әскери билет көшірмесі (бар болса);
- қызмет алушының 3х4 см өлшеміндегі екі фотосуреті;
- мемлекеттік баждың бюджетке төленуін дәлелдейтін құжат немесе салық жеңілдіктерінің берілуі үшін негіздеме болып табылатын құжаттың көшірмесі;
- некелескен болса, неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
- балалары бар болса, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмесі;
- ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) немесе олардың қайтыс болғаны туралы куәлік;
- ата-анасының неке қию туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса);
- қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда - нотариалды куәландырылған сенімхат;
- қызмет алушы зейнеткер болса, зейнеткерлік куәліктің көшірмесі.
Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушы мыналарды ұсынады:
- сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш;
- қызмет алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген акт жазбасын қалпына келтіру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.
Білу маңызды!
Оралмандар Қазақстан Республикасына заңды көшіп келгені туралы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтінішхаттары туралы ішкі істер органдары берген құжаттарды қосымша тапсырады. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін қызмет алушы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама, білімі туралы құжаттар, мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.
Қызмет құнын төлеу
Қызмет құны: 0,5 АЕК
Орталықта мемлекеттік баж банк мекемелері арқылы төленеді. Олар, төлем мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын береді.
Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді. Алдымен сізге қызмет көрсететін банкке хабарласып, картаңыз интернет төлемдер жасауға жарай ма, жоқ па біліп алуға, қажет болған жағдайда бұл қызметті қосуға кеңес береміз.
Растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік бажды төлеуден босатылады:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген тұлғалар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектің ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiкті тiркегенi және қайтадан бергенi үшін;
- жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары қалпына келтірілген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн.
Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күн.
Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: өтініштің нөмірі мен қабылданған күні, сұратылған мемлекеттік қызмет түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары, құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны, құжаттарды рәсімдеуге өтініш қабылдаған «Азаматтарға арналған үкімет» МК қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК-да қолхат негізінде, қызмет алушының (немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жеке куәлігі көрсетілген жағдайда беріледі.