Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының байланыстары мен мекенжайлары

2018 жылдың маусым айында аға буын азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға, олардың белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке және ұрпақтар сабақтастығына тартылуына жәрдемдесуге бағытталған жүйелі мәдени-демалыс жұмысы үшін инфрақұрылым құру мақсатында республикада алғашқы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды.

«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасының мақсаты – Алматы қаласында тұратын зейнеткерлік жастағы адамдарды әлеуметтендіру, білім беру, психологиялық, сауықтыру, спорттық және бос уақытты өткізу арқылы қарт адамдардың белсенді өмір салтын қолдау.

Бүгінгі таңда Алматыда келесі мекенжайлар бойынша 10 орталық жұмыс істейді:

1) Бас орталығы: Мәуленов көшесі, 46а, +7 707 225 23 29;

2) Алатау ауданы: ш/а. Ақбұлақ, Бәйтереков көшесі, 23, +7 707 822 89 18;

3) Алмалы ауданы: Желтоқсан көшесі, 29, + 7 701 018 11 87;

4) Әуезов ауданы: Аманжол көшесі, 12а, +7 707 479 12 63;

5) Әуезов ауданы: ш/а. Тастақ-1, д. 3, +7 747 717 77 63;

6) Бостандық ауданы: Шүкенов көшесі, 66а, +7 775 804 04 46;

7) Жетісу ауданы: ш/а. Айнабұлақ-2, 32/2, +7 707 369 63 61;

8) Медеу ауданы: Жангелдин көшесі, 31/2,  +7 708 246 59 29;

9) Наурызбай ауданы: ш/а. Қалқаман-2, Әшімов көшесі, 299, +7 705 209 19 83;

10) Түрксіб ауданы: Поддубный көшесі, 65, +7 707 630 19 49.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін. Барған кезде жеке куәлік пен зейнетақы куәлігі болуы қажет. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына тіркелу мекен-жайына қарамастан, қалалық тіркелу болған жағдайда баруға болады.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында көрсетілетін қызметтер тізімі:

 

Әлеуметтік-медициналық қызметтер

  • айкуне;
  • емдік йога;
  • цигун;
  • тайчи;
  • емдік дене шынықтыру;
  • скандинавиялық серуендеу;
  • дәрігердің кеңесі (биобақылау);
  • дұрыс және салауатты тамақтану.

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер

  • йогикалық сауықтыру және жасарту жүйесі;
  • психология;
  • кинезиология бойынша тренинг;
  • жадты нығайту техникасы;
  • әлем мұражайлары арқылы виртуалды саяхат.

Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер

  • IT-сауаттылық;
  • ағылшын тілі;
  • қазақ тілі;

Әлеуметтік-мәдени қызметтер

  •  шығыс билері;
  • халық билері 60+;
  • кескіндеме, мүсін, графика;
  • шахмат;
  • теннис (бильярд);
  • вокал (хор);
  • караоке;
  • домбыра мен гитарада ойнауды үйрену;
  •  Алматы және Алматы облыстарына экскурсиялар;
  • іс-шаралар.

 

Әлеуметтік-еңбек қызметтері

  • гарденотерапия;
  • агро-краудсорсинг (кәсіптік терапия);
  • қолмен жұмыс (қолдан жасалған сәндік-қолданбалы өнер).

 

Әлеуметтік-құқықтық қызметтер

  • заңгерлік кеңес.

 

Әлеуметтік-экономикалық қызметтер

  • экономисттің кеңесі.
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.