Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы тегін мұз айдындары

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған он екі мұз айдыны жұмыс істейді. Қазір шаһарда сегіз мұз айдыны ашылды, тағы төртеуі қаңтар айында іске қосылады.

Ауа райының жылы болуына байланысты мұз айдындары мұздың дайын болғанына қарай ашылады. Кіру тегін. Конькиді сол жерден жалға алуға болады, жалға алу құны 1000 (2 сағат) теңге. Өзіңіздің конькиіңізбен сырғанау толықтай тегін.

Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындары тәулік бойы ашық.

Коньки тебуге арналған тегін мұз айдындары:

  • Республика Сарайының алдында;
  • 28 панфиловшылар саябағы;
  • Туңғыш Президент саябағы;
  • Орталық стадион;
  • М.Әуезов атындағы театр;
  • Н.Сац атындағы театр;
  • «Гулдер» саябағы;
  • №6 Оқушылар үйі.

Тегін мұз айдындар ашылатын жерлер:

  • Шухов көшесіндегі саябақ;
  • «Авиатор» стадионы;
  • Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағы;
  • Абай атындағы КазҰОБТ.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

03 қантар 2024

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.