
Дамуында ерекшелігі бар балалар роликті конькимен, велосипедпен және атпен «Адаптивті сырғанау» бағдарламасына қатыса алады. Бағдарламаны толығымен Алматы әкімдігі қаржыландырады. Дәрісті Рioneer шаңғы базасында тәжірибелі нұсқаушылар өткізеді.
Курс аутизм спектрінің бұзылысы, Даун синдромы, церебральды сал ауруы (балалардағы церебральды сал ауруы), ПСДК (психо-сөйлеу дамуы кешеуілдеген), ЖСТД (жалпы сөйлеу тілі дамымаған), зейін жеткіліксіздік және гиперактивтілік синдромы (СДВГ) және басқа да неврологиялық аурулары бар балаларға арналған.
10 жеке сабақты қамтитын реабилитациялық курстарды нұсқаушы жүргізеді, сөйлеуді, қозғалысты, мүсінді, иммунитетті үйлестіруді және ағзаның қалпына келу қабілетін жақсартуға көмектеседі. Әрі бұл курс ерекше балаларды қоғамға бейімдеуге және араласуға бағытталған.
Курстар 2023 жылдың маусым айының соңына дейін жалғасады және 4 жастан 25 жасқа дейін шектеулері бар.
Бағдарламаға қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
- Баланың туу туралы куәлігі;
- Мекенжай анықтамасы;
- ПМПК немесе ДКК анықтамасы;
- Еріп жүрушінің жеке куәлігі;
- Егер еріп жүруші баланың ата-анасы болып табылмаса, баланы ертіп жүруді растауға арналған сенімхат және сенім білдірушінің куәлігі.
Бағдарлама, теңіз деңгейінен шамамен 2000 м биіктікте: Алматы қ., Алма Тау, 27 мекенжайында орналасқан, «Pioneer» отбасылық тау курортында өтеді
Өтініш беру үшін WhatsApp +7 771 762 5010 нөмірі арқылы @Skiparkpioneer хабарласыңыз (өтініш формасын толтыру үшін сілтеме жіберіледі).