
Жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты Алматының үш ауданындағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі.
Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астында өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Алматы қаласының инженерлік коммуникацияларын модернизациялаудың жалпы жоспарына сәйкес, жол төсемін кейіннен толық қалпына келтіріледі. Бұл іс- шара мына көшелерде жүретін болады:
Күні | Аудан | Өткізу орны |
29 мамырдан 30 тамызға дейін | Алмалы | Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ бойынша |
31 мамырынан 1 тамызына дейін | Жетісу | Расков көшесінен Есенов көшесіне және одан әрі Колпаковский көшесімен №143 мектеп-лицей ғимаратына дейін |
1 маусым мен 30 тамыз аралығында | Әуезов | Шаляпин көшесінің солтүстігіне қарай Момышұлы көшесінен Сайын көшесіне дейінгі аула ішілік аумақ бойынша |
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС