
Саяжайға баратын азаматтар мынаны ескеру қажет:
– өзімен бірге саяжай (жер) учаскесіне құқықтардың болуын растайтын құжаттар, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттар, оның ішінде ілесіп жүрген адамдарға да қатысты куәлік (ілесіп жүретін адам екіден артық болмау керек);
– саяжайға шығатын кезде медициналық бетперде кию керек немесе респираторлар болуы қажет, қолды өңдеуге арналған антисептиктерді өзімен бірге алып жүру;
– қажет болмаса өз саяжай учаскесінен тыс жерге шықпау;
– көршілер мен қонақтарды өздерінің саяжай учаскелеріне жібермеу;
– бір отбасынан басқа 3 адамнан артық адамдардың жиналуына жол бермеу;
– құрғақ шөп пен қоқысты жағуға жол бермеу, от жағуға болмайды.
Ескерту: 65 жастан асқан адамдарға саяжайға шықпай, үйде болуға кеңес беріледі.
Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларымен аула алаңдарына шыққан кезде төмендегі ережелерді мұқият сақтауы тиіс:
– сақтық шараларын қатаң сақтау және жеке қорғану құралдарын киіп жүру (медициналық бетперде немесе респиратор, өзімен бірге қолды таза ұстау үшін антисептиктер болу керек);
– үй аулаларында тек тұрғылықты және уақытша тіркелген жері бойынша серуендеу;
– кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қадағалауымен жіберу;
– адамдар арасындағы қашықтықты 2 метрден кем емес мөлшерде сақтау;
– бір отбасы адамдарынан басқа үш адамнан артық топталып жиналмау;
– аула алаңдары дезинфекцияланған соң бір сағат шығуға болмайды;
– кәмелетке толмаған балаларды аула алаңдарына сағат 21.00-ден кейін жіберуге тыйым салынады.