В связи с изменением часового пояса в период с 29 февраля по 1 марта 2024 года возможны кратковременные перерывы в работе портала.

Приносим извинения за доставленные неудобства.

Алматыда Covid-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел дені сау бала босанды

13 сәуірде екіқабат әйел жүктілігінің 39-шы аптасында вирус жұқтырған адаммен байланыста болған адам ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіледі. Жүкті әйелден коронавирусқа қарсы талдаулар алынып, нәтижесі оң болып шығады. 15 сәуірде дәрігерлер талдау көрсеткіштері бойынша оған кесарь тілігі отасын жасап, босандырып алады. Нәтижесінде салмағы 3,5 келіден асатын шекесі торсықтай ұл бала дүниеге келді. Бұл науқастың екінші босануы екен.

«Жаңа туған нәрестеден алынған талдаулар теріс нәтиже көрсетті. Нәрестенің дені сау. Қазір ол балалар бөлімшесінде жатыр», — деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазір анасының жай-күйі де қанағаттанарлық. Жуырда ол емделуін жалғастыру үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады. Науқас қауіпті індеттен толық сауығып шыққаннан кейін ғана ұлымен қауыша алады.

Айта кету керек, №1 Қалалық клиникалық аурухана провизорлық орталық болып табылады. Бұл ауруханада қауіпті індетті жұқтырған жүкті әйелдер босанады.

Обнаружили ошибку? Выделите слово или предложение и нажмите CTRL+ENTER
Орфографическая ошибка в тексте:
Чтобы сообщить об ошибке, нажмите кнопку "Отправить сообщение об ошибке". Также вы можете добавить свой комментарий.