Алматыда барлық сауда – көңіл көтеру орталықтарына, базарларға, вокзалдар мен мектептерге, ауруханаларға, бала бақшаларына, сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындаға өрт қауіпсіздігіне қатысты тексерулер ұйымдастырылады.
Мұндай тапсырманы Алматы әкімі Бауыржан Байбек берді. Мониторинг нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздігіне орай кемшіліктер анықталса, онда тиісті шаралар қолданылады.
Айта кетерлігі, Алматыда қазіргі кезде 128 ОСО, 46 базар, 170 мейманхана, отелдер мен хостелдер, қоғамдық тамақтанудың 2 мыңнан астам орындары, 300-ден астам денсаулық сақтау нысандары, 700- ден астам бала бақшалар, 200 орта білім беру объектілері және басқалары бар.