
Алматы аудандарының әкімдері 2024 жылдың ақпан айында көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді
Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2024 жылдың ақпан айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді.
Кездесуге барлығы 85 көпбалалы ана келіп, кездесу барысында 83 сұрақ қойылды. Оның 62-сі бойынша түсініктемелер беріліп, кездесулерден кейін 10 сұрақ пысықталды, 11-і бойынша жұмыстар жүруде.
Негізгі мәселелер:
- тұрғын үй алу (кезекке қою) - 18;
- білім (балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, мектеп формасы) - 12;
- денсаулық сақтау-7;
- әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) - 10;
- ТКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 9;
- жұмысқа орналасу және бизнес гранттары-4;
- басқа сұрақтар – 23.
Қала әкімдігі 2024 жылғы наурызға қаланың көпбалалы аналарымен тиісті кесте бекітті. Ол аудан әкімдерімен және Алматының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен келісілген.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы аудан тұрғындарымен, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Аудан әкімдерінің 2024 жылғы наурызда қаланың көпбалалы аналарымен кездесу кестесі
Өтетін күні | Өт етін уақыты | Өтетін орны |
Алатау ауданы | ||
07.03.2024ж. | сағ 11.00 | Алатау ауданы әкімінің аппараты, (Жанкожа батыр 26) |
Алмалы ауданы | ||
27.03.2024ж. | сағ. 10.00 | «Бақытты отбасы» орталығы, |
Әуезов ауданы | ||
27.03.2024ж. | сағ. 09.00 | «Бақытты отбасы» орталығы, |
Бостандык ауданы | ||
27.03.2024ж. | сағ. 15.00 | Бостандык ауданы әкімі аппаратының акт залы |
Жетісу ауданы | ||
13.03.2024ж. | сағ. 10.00 | «Бақытты отбасы» орталығы, |
Медеу ауданы | ||
19.03.2024ж. | сағ. 11.00 | «Бақытты отбасы» орталығы, |
Наурызбай ауданы | ||
28.03.2024ж. | сағ. 10.00 | Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, |
Түрксіб ауданы | ||
27.03.2024ж. | сағ 11.00 . | «Бақытты отбасы» орталығы, |
05 наурыз 2024