Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Жандосов – Сайын – Шаляпин көшелері мен Қарғалы өзені аумағында сумен қамту желісі салынады

Жұмысты 2025 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланады.

Алматының Әуезов ауданында 2024 жылдың наурыз айында «Мамыр-4» шағынауданында 4,5 км сумен қамту және 9,5 км су бұру желісін салу басталады. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде айтты.

Бұл жұмысты 2025 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа инженерлік коммуникациялар 197 үй мен 750 тұрғынды қамтиды.

- Жандосов – Сайын – Шаляпин көшелері мен Қарғалы өзені бөлігінде 20 км сумен қамту және 22 км су бұру желілерін салу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталады. Бірінші кезеңде 4,8 млрд теңге бөлінді, - деді қала басшысы.

Тұрғындарды сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз ету мақсатында Сайын және Ұлықбек көшелеріндегі 4 км желі қайта жаңартылды. Сонымен қатар Төле би көшесінің Сайын көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі ұзындығы 1 км су құбыры қайта жаңартылып жатыр, ол биыл наурызда аяқталады. Бұл учаскелерде су және кәріз желісі 1960-1970 жылдары салынған. Жалпы ұзындығы 59,3 км.

Бұған қоса бұрынғы «Восход», «Садовод» және «Ардагер» бау-бақша серіктестіктерінің 8 көшесіндегі 5,2 км инженерлік желінің құрылысы аяқталып келеді. Қазір абоненттерді желілерге қосу жұмыстары қолға алынған, ол осы наурыз  айында бітеді.

Ерболат Досаев 2023 жылдың қыркүйек айында «Достық» шағын ауданында жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге су бұру желілерінің құрылысы басталғанын еске салды. Оның айтуынша бүгінде ұзындығы 3 км болатын Розыбакиев, Терме, Тәуке хан көшелеріндегі инженерлік желілердің құрылысы жартылай аяқталды. Қаржыландыру көлемі тағы 1,4 млрд теңгеге ұлғаяды (жалпы сомасы 2,5 млрд теңге). Бұл жұмыстар наурыз айында қайта басталып, 2024 жылдың соңына дейін жалғасады.

- 2024 жылы «Мамыр» шағынауданында және Сайын көшесінің бойындағы жалпы ұзындығы 3,2 км жылумен жабдықтау желісін қайта жаңарту жоспарланған, оның 2,3 км 2023 жылы аяқталды, қалған 900 метрін қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз, - деп сөзін түйіндеді қала басшысы.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

15 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.