Бірнеше бағыт бойынша жаңа автобус сатып алынады.
Алматының Медеу ауданында 17 маршрут бойынша 235 автобус жаңартылады.
2024 жылы Алматының Медеу ауданында 17 маршрут бойынша 235 автобус жаңартылады. Бұл №12, 16, 120, 71, 50, 73, 211, 121, 63, 118, 210, 79, 92, 126, 209, 43 және 74 маршруттар. Сонымен қатар, 10 аялдама жаңартылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
- Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту аясында 2023 жылы Медеу ауданындағы 18 бағыттағы 312 автобус жаңартылды, 4 жаңа маршрут (№43, 75, 232, 233) ашылды, онда 39 автобус қосылды. Сонымен бірге қала тұрғындарының өтініші бойынша 5 жаңа аялдама кешені салынды, - деді қала басшысы.
Ерболат Досаев Көлсай шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша №107 маршрутта екі ескі автобус ауыстырылып, қосымша тағы 3 жаңа тау автобусы іске қосылғанын атады.
Дереккөз: Almaty.tv.
09 ақпан 2024