Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мегаполисте тұрғын үйлерге газ беру уақытша тоқтатылды

Қауіпсіздік ережесіне сәйкес түнгі уақытта жұмыс жүргізуге тыйым салынады.

 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 103 Пушкин көшесінің қиылысында және Мұзтау шағынауданында газдың сыртқа шығу ақауы уақытылы анықтады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистралды газ құбырлары басқармасы газ желілерін пайдалану қызметі «Пергам» жылжымалы зертханасымен бірлесіп Бөгенбай батыр, 103 Пушкин көшесінің қиылысы мекенжайы бойынша Д-325 мм төмен қысымды жер асты газ құбырында газдың сыртқа шығуын дер кезінде анықтады.

Осыған байланысты 2024 жыл 7 ақпанның кешінен бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Құрманғазы – Панфилов – Қайырбеков – Төле би көшелерінің аумағында газды тамақ дайындау үшін пайдаланатын 130 көпқабатты үй және 18 жеке сектордағы үйлерге газ беру тоқтатылды. Сонымен қатар Мұзтау шағынауданында газ беру тоқтатылды. 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қауіпсіздік ережелеріне сәйкес түнгі уақытта жұмыс жүргізуге тыйым салынғанын хабарлайды. Осыған байланысты жұмыстар 2024 жылғы 8 ақпанда таңғы 8-ден басталады.

Құбырдағы ақау толық жойылып, 2024 жылдың 8-ақпанда сағат 14:00-ге қалпына келтіріледі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

08 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.