Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады

Вокзал Мәдениет шағынауданы маңында салынады.

Алматыда үшінші теміржол вокзалын салуды көздейтін (ЕТЖ) жобасы таныстырылды. Бұл жоба бұрын жарияланған бірқатар құжатта, соның ішінде Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарында және көлік қаңқасының шебер жоспарында көрініс тапқан.

Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді. Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді, соның есебінен қалалық автожол инфрақұрылымының көлік жүктемесі азаяды.

«Жаңа теміржол платформасын салуға арналған аумақ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға тиесілі магистральдық желіде орналасқан. Вокзал Мәдениет шағынауданы маңында салынады. Платформаны «Қазақстан темір жолы» салады. Біздің басты міндетіміз – ЕТЖ-да вокзал мен вокзал маңындағы алаңды қамтамасыз ету болды. Қазір 2 апта бұрын жарияланған көлік қаңқасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Біз оның мерзімін 2026-2027 жылдар деп қарастырып отырмыз», – деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

05 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.