Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы Сайран көлі жыл соңына дейін абаттандырылады

Мердігер ұйыммен келісімшартқа қол қойылды.

Алматыда 2024 жылы "Сайран" көлін абаттандыру жұмысын аяқтау жоспарланады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында  айтты. Мегаполис басшысының айтуынша өткен жылы конкурстық рәсімдер өткізіліп, мердігер ұйыммен келісімшартқа қол қойылды.

- Сайран көлінің жағалауын нығайту жұмыстары басталды. Тастақ шағынауданында көрсетілген аумақты реконструкциялауды аяқтау 2024 жылдың соңына дейін  жоспарлануда, - деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Бұрындары хабарланғандай, Алматыда 50 жыл ішінде  бірінші рет "Сайран" көлінің түбін тазарту жұмыстары жүргізілген болатын.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

31 қантар 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.