Алматы қаласы ТЖД Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастамасы бойынша балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дағдыларын жақсарту мақсатында Алматы қаласы білім басқармасының «№202 мектеп-гимназиясы» КММ-мен бірлесіп тақырыптық бояулары бар «Жас құтқарушы» журналы әзірленді.
Журналда қауіпсіздіктің әртүрлі тақырыптары қарастырылған. Осы тақырыптарды зерделеу барысында балалар төтенше жағдай кезіндегі сақтық шараларымен танысады.
Бүгінгі таңда журналды шығарып, әрі қарай Алматы қаласының барлық мектептерінде таратылу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Алматы қаласы білім басқармасының «№ 202 мектеп-гимназиясы» КММ базасында пилоттық режимде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «Жас құтқарушы» сыныбын ашу жоспарлануда.
Дереккөз: Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті
30 қантар 2024