Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алмалы ауданында 44 қасбет жөнделіп, 1,5 мың урна ауыстырылады

Алмалы ауданында ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 2023 жылы 44 қасбет жөнделді, ал Жароков көшесі 4, 10 және Шевченко көшесі 162д бойынша 3 қасбет жөнделуде. Бұл туралы аудан әкімі Айдар Жақыбаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтты. Соңғы бірнеше жылда қаланың орталық ауданының тарихи келбетін сақтау үшін 170 қасбет қалпына келтірілді.

«Алматының магистральдық және қосалқы көшелерінің архитектуралық ансамблін қолдау үшін үйлерге бастапқы көрініс береміз. Біз архитектуралық шуды азайтамыз, сыртқы кондиционерлерді арнайы текстуралы тормен жасырамыз. Осы жұмыстардың арқасында қасбеттерді жөндеу үшін үйлерді таңдағанда, олардың жағдайын ғана емес, тарихи құндылығын да ескереміз», - деді ол.

Ол өзінің сөзінде төзімсіз материалдардан жасаған әрі сыртқы бейнесі де көңілден шықпайтын урналардың аудан тұрғындары тарапынан көп шағым тудырғанын айтты. Олқылықтың орнын толтыру үшін қала әкімінің тапсырмасы аясында ауданға қаражат бөлініп, 25 магистральдық көше бойында 1,5 мыңнан астам қоқыс жәшігін орнату басталды.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.