Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Алмалы ауданында 2023 жылы ХҚБ бағдарламасы аясында 34 жоба жүзеге асырылуда

Алмалы ауданында ХҚБ 2022 бағдарламасының 2 кезеңі аясында 34 жоба іске асырылуда, оның ішінде 20 – аула аумақтарын жөндеу, 8 – автосуаруды орнату мен көгалдандыру, 5 – қоғамдық кеңістіктер құру және 1 – урналарды орнату бойынша. Бұл туралы аудан әкімі Айдар Жақыбаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтып, бүгіндегі 30 жоба орындалды, 4 жоба бойынша жұмыстар жүруде.

«Абаттандыру қала мен ауданның барлық бағдарламаларының маңызды бөлігі болып табылады. Біз жүзеге асыратын жобалар сапалы қалалық ортаны құруға үлес қосады және Алматыда күнделікті жайлы өмір сүруге ықпал етеді. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында біз тұрғындармен бірлесіп аула аумақтарын абаттандыруды көп қамтимыз. Жоба тұрғындарды кез-келген жергілікті проблеманың айналасында біріктіреді, көршілерді талқылауға тартады, ауланы, саябақты немесе алаңды қалай жақсы жабдықтау керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Тұрғындар ұсынған жобалар 2020 жылы жүзеге асырыла бастады», - деді әкім.

Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы Алматының барлық сегіз ауданы «Халық қатысатын бюджет» аясында өз жобаларын дамытуға қосымша 7 млрд теңгеден алған болатын. Алмалы ауданына бағдарламаны іске асыруға қосымша 875 миллион теңге бөлінді.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.